Бiздiң сайтымызға қош келдiңiздер!

Бiздер ресми сайтының бетiнде Сiздермен сәлемдесуге шынайы қуаныштымыз!

Осы заманғы жетiлген ақпараттық технологиялар мен ашылған Web-сайттар арқасында бүгiн бiз қызықтыратын сұрақтар бойынша қажеттi адамдармен оралымдылық қарым-қатынас жасай аламыз.

Бiздiң ашылған сайты Сiздермен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылын жақсартып, ақпараттар айырбастауын жеделдетiп және сайтқа кiрген әр адам бiздiң өмiрi жөнiнде қажеттi ақпаратты алуға болатындығын сендiремiз.

Сiздермен бiрге бiздiң өлкемiздiң игiлiгi мен гүлденуiне өзара қарым-қатынас жасауға дайынбыз!

Атауы Жүктеу
1 Акп жұмысы
2 Акп жұмысын ұйымдастыру жолдары
3 Ата-ана арасындағы келісім шарт, өтініш
4 Ата-аналар арналған консультациялық пункт кұрамын анықтау бұйрығы
5 Консультативтік пункт жұмыс кестесі

Атауы Жүктеу
1  Әңгеме - кеңес

Құрметті  Ата-аналар!

«Ақбота» бөбекжайында ата-аналарға арналған консультациялық пункт орталығы бар екенін хабарлаймыз!

«Ақбота» бөбекжайы  жедел басқару құқығындағы МКҚК

Консультациялық пункт отбасы жағдайындағы ата-аналар (заңды тұлғалар)үшін ашылды.

Бізде мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша консультация және педагогика –психологиалық көмек ұйымдастырылады.

Біз сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз!

Консультациялық  пункт ақысыз жұмыс істейді.

Мамандарға консультацияға жазылу телефоны: 87029713025

Әдіскер: Дуймбаева Райхан Аманжоловна

Педагог-психолог: Тогаева Акелик Утелгеновна

Медбике: Қалмұхан Ботакөз Айсағынқызы

Бейнелеу өнері педагогы: Сактаганова Света Келдибаевна

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ермекбаева Амангүл Ерсайынқызы

Консультацияға жазылу телефоны: 87029713025

1.Жалпы ереже

1.1.Осы ереже  «Ақбота» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы  МКҚК жұмыс істейтін Кунсультациялық пункттің қызметін реттейді.

1.2.Консультациялық пункт мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім берудің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.3.Консультациялық пункт отбасына мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда  көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады.

1.4.Консультациялық пункт бөбекжайдың тәрбиеленушілері болып табылмайтын 2 айдан бастап ,7 жасқа дейінгі жас шамасындағы балаларға және олардың ата-аналарына(заңды өкілдеріне )құрылады.

2.Консультациялық пункттің мақсаттары мен міндеттері

2.1.Консультациялық пункт отбасылық және қоғамдық  тәрбиелеудің біртұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету,ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету,білім беру мекемесіне қатыспайтын балалардың тұлғалық жан жақты дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылады.

2.2.Консультациялық пункттің негізгі міндеттері

Бөбекжайға қатыспайтын балаларды дамытуға жағдайларды қамтамасыз етуде ата-аналарға(заңды өкілдерге) жан-жақты көмек көрсету;

Мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды тәрбиелеу,оқыту және дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультациялық көмек көрсету;

МДҰ қатыспайтын мектепке дейінгі жас шамасындағы  балаларды әлеуметтендіруде жәрдем көрсету;

МДҰ қатыспайтын мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың тәни,психикалық  және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқуларының профилактикасын  жүргізу болып табылады.

3.Консультациялық пункттің қызметін ұйымдастыру

3.1.Консультациялық пункттің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық білім беру ұйымының басшысына жүктеледі.

3.2.Консультациялық пункт мектепке дейінгі ұйымның басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.

3.3.Басшы Консультациялық пункттіңжұмысын ұйымдастырады,соның  ішінде:

-ата-аналарға(заңды өкілдеріне)арналған дәрістер,теориялық және практикалық консультациялар,ата-аналардың (заңды өкілдердің) сұрауы бойынша жеке және топпен консультациялар ұйымдастыру.

-Консультациялық пункт ұсынатын қызметтерге үйдегі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін отбасыларының сұранысын зерделеу;

-отбасының сұраныстарының негізінде әзірленетін және мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік кеңесімен келісілетін Консультациялық пункттің жылдық жұмыс жоспарын бекіту,оның орындалуын бақылау;

-Консультациялық пункт мамандарының функционалдық міндеттерін айқындау;

-бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мектепке дейінгі ұйымдағы Консультациялық пунктінің жұмысы туралы халықты қосымша ақпараттандыруды қамтамасыз ету,

3.4.Консультациялық пункт мынадай мәселелер бойынша ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультациялық көмекті жүзеге асыра асыра алады;

МДҰ қатыспайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру;

Балалардың жас шамасына қарай, психофизикалық ерекшеліктері;

Мектепке оқуға дайындығы;

МДҰ қатыспайтын мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың тәни, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқуларының профилактикасы;

білім беру бағдарламаарын таңдау;

ойын қызметін ұйымдастыру,лекотека жұмысы;

балалардың тамақтандыруын ұйымдастыру;

үйде балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасау;

отбасының әртүрлі санатарынан балаларды әлеуметтік қорғау.

3.5.Отбасына көмек көрсету мақсатында Консультациялық пунк мамандары әңгімелесу,диагностикалық зерттеу жүргізу,балаларды бақылауды ұйымдастыру және т.б.нысанда қосымша ақпарат алу бойынша жұмыстарды жүргізе алады.

3.6.Консультациялық пунктте ата-аналармен (заңды өкілдерімен) жұмыс әртүрлі нысандарда жүргізіледі; топтық,жеке.

3.7.Ата-аналарға(заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мынадай мамандардың интеграциясының негізінде қалыптасады: тәрбиеші, педегог психолог,  логопед мұгалім, медицина қызметкері және басқа да мамандар.

3.8.Ата-аналарға(заңды өкілдеріне)консультация беруді бір мезгілде бір немесе бірнеше маман жүргізе алады.

3.9.Консультациялық пункттің қызметін бекіту үшін мынадай құжаттаманы жүргізу қажет:

-МДҰ –да Консультациялық пункт туралы ереже;

-үй жағдайында тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың және олардың ата-аналарының(заңды өкілдерінің) Консультациялық пункте қатыс журналы;

-Консультациялық  пункттің жұмыс жоспары;

- Консультациялық  пункттің бір жылғы жұмысының талдауы ;

-МДҰ мен балалардың ата-аналары(заңды өкілдерінің) арасындағы келісім;

-мектепке дейінгі ұйымға қатыспайтын АКП балаларының тізімі,

4.Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4.1.Консултациялық пункттің мамандары:

ата-аналар арасында педагогикалық білімін белсенді түрде қолдануға;

отбасында балаларды тәрбиелеуде практикалық көмекті жүзеге асыруға;

ата-аналарды АКП қызметіне тартуға міндетті;

4.2.Ата-ана міндетті:

Консультациялық пункттің жұмыс режимін сақтауға;

АКП мамандарының ұсыныстарын орындауға міндетті.

4.3.АКП мамандарының :

тұлғалық-бағдарланған тәсілдердің негізінде балалармен сабақ бағдарламасын әзірлеуге;

жұмыста қажетті әдістемелік әдебиет пен құралдарды пайдалануға;

АКП жұмыс жоспарын құруға;

ата-аналарды  балалармен жұмыста белсенді қатысуға тартуға;

 балалармен және олардың  ата-аналарымен жұмыс істеу үшін бағдарламаны және әдістемелік құралды таңдауға құқығы бар.

4.4.Ата-ана құқығы:

АКП жұмысына қатысуға;

МДҰ базасындағы Консултациялық пунктке келуге;

баланы тәрбиелеу мен білім беруде қажетті көмек алуға;

 ұсыныстар беруге, АКП жұмысы бойынша ұсынымдармен сөз сөйлеуге құқығы бар.